Оқиға

Астанада тергеу абақтысынан қашқан қылмыскер қайда бет алған?

Тергеу изоляторынан қашқан ер адам жолшыбай көлікпен үйіне жетуді көздеген
Sputnik

АСТАНА, 27 ақпан — Sputnik. Тергеу барысында абақтыдан қашып, екі күн бойы іздеуде болған ер адамның отбасына бармақ болғаны анықталды, деп хабарлайды Қарағанды облысы ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.

Қасымов ер адамның тергеу абақтысынан қашып кетуіне қатысты түсініктеме берді

"Ұсталған азамат отырған көліктің иесі айтып бергендей, жолаушыны Ақмола облысы "Нұра" бөлімшесінен ала кеткен екен. Ол Ахметауыл ауылына дейін жеткізіп салуды сұрапты. Кейін Киевка ауылына дейін жаяу бармақ болған. Киевка ауылында әйелі мен бала-шағасы тұрады екен", — делінген хабарламада.

Бұрын да сотталған қылмыскер қазір уақытша ұстау изоляторында отыр.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада тергеу изоляторынан ер адам қашып кетіп, екі тәуліктен кейін ұсталған болатын.