Саясат

Түркия, Иран және Ресей СІМ басшылары наурызда Астанада бас қосады

Сириядағы қарулы қақтығысты тоқтату режимінің кепіл елдерінің СІМ басшылары елордамызда кезігеді
Sputnik

АСТАНА, 27 ақпан — Sputnik. Астанада наурыз айының ортасында Түркия, Иран және Ресейдің сыртқы істер министрлері бас қосады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Сирия бойынша келіссөздердің кезекті раунды наурыз айына қалдырылды

Түркияның Қазақстандағы елшісі Невзата Уяныка хабарлағандай, Түркиядағы бейінді министрлік Ресей және Ирандағы әріптестерімен бірге Сирия бойынша консультация жүргізіп жатыр.

"Тиісті тараптар болжам бойынша Астанада наурыздың ортасында сыртқы істер министрлерінің бас қосуы өтеді деп мәлімдеді. Қазір осы орайда жұмыстар жүргізіліп, өзара консультациялар жалғасып жатыр. Жалпы, мұндай кездесу Астанада наурыз айының ортасында міндетті түрде болады", — деді елші баспасөз мәслихаты кезінде.

Бұдан бұрын Қазақстанның сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Ресей, Түркия және Иранның сыртқы істер министрлері 16 наурызда Астанада кездеседі деп хабарлаған еді. Бас қосудың нақты күні мен күн тәртібіндегі мәселе әлі қаралып жатыр.