Өңірлер

Атырауда 5 жастағы бала соқырішектен көз жұмды

Баланың өліміне қатысты бірнеше сараптама тағайындалған
Sputnik

АСТАНА, 27 ақпан — Sputnik. Атырауда соқырішекке операция жасап жатқан кезде бес жастағы бала көз жұмды, деп хабарлайды "Мой город" порталы.

Астанада дәрігерлердің салғырттығынан жүкті әйел көз жұмды

Порталдың мәліметіне сүйенсек, бала 26 ақпанда сағат  19.00 кезінде балалар облыстық ауруханасында жан тапсырған. 

"Кеше кешкісін болған жайт, баланың соқырішегіне операция жасалған, өкінішке орай, анастезия кезінде жағдайы күрт нашарлаған,адам ағзасына кейде солай әсер етуі мүмкін, сөйтіп бала көз жұмды. Қазір бірқатар сараптама тағайындалды", — деп хабарлады аурухана басшысы Нұрқабыл Айтмұхамбетов.

Тергеу ісі аяқталғанға дейін қайғылы оқиғаға қатысты басқа мәлімет жарияланбайды.