Қоғам

Қасымов ер адамның тергеу абақтысынан қашып кетуіне қатысты түсініктеме берді

Қарағанды облысының 36 жастағы тұрғыны Астанадағы тергеу изоляторынан қашып кеткен болатын
Sputnik

АСТАНА, 27 ақпан – Sputnik. Астанада тергеу изоляторынан 36 жастағы ер адамның қашып кетуінен кейін қызметкерлерге қатысты өз жұмысына салғырт қарау туралы қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Астананың тергеу изоляторынан қашып кеткен күдікті ұсталды

"Оның қалай қашып кеткенін тергеу барысында анықтаймыз. Оны түнгі 21:50-де ұстады, жексенбі күні 12.05-те қашып кетті. Ұстап алғаннан кейін, қылмыстық іс қозғалды. Ол қашқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Сонымен қатар қызметкерлерге қатысты жұмысына салғырт қарау бойынша қылмыстық іс қозғалды", — деді министр үкімет отырысынан кейін. 

Оның айтуынша, тергеу изоляторы орналасқан ғимарат қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейді. 

"Сондықтан бізге жаңа ғимарат салу керек. Салғырттық мәселесі бар", — деді ол.