Спорт

Головкин Альвареспен жекпе-жекке толық дайын болмағанын мойындады

GGG "Канеломен" алғашқы жекпе-жекке 100% дайын болмаған
Sputnik

АСТАНА, 27 ақпан — Sputnik. Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен алғашқы жекпе-жекте барлық мүмкіндігін пайдалана алмағанын атап өтті, деп жазды Sports.kz. 

Головкин -"Канело" реваншы қайда өтетіні белгілі болды
"Канело" алғашқы жекпе-жектен бұрын маған нағыз мексикалық стилді көрсететінін айтты, алайда ол рингте әрі-бері жүріп алды. Бұл мені аздап таңғалдырды. Мүмкін мен әр раундқа дайын болмаған шығармын. Жекпе-жектің алғашқы жартысына ғана дайын болдым. Енді екінші жекпе-жекте үлкен драма, үлкен экшн көрсететінімді білемін. Алғашқы кездесуде 100% дайын болған жоқпын, ал қазір дайынмын. "Канело" да солай", — деді. 

Головкин мен Альварестің алғашқы жекпе-жегі тең аяқталды. Реванш 5 мамыр күні өтеді.