АСТАНА, 26 ақпан — Sputnik. Алматы облысында газ-ауа қоспасының жарылуынан бірнеше адам зардап шекті.
Жексенбі күні Қарасай ауданына қарасты Жандосов ауылында жеке үйдің жертөлесінде 27 литрлік баллон жарылды.
1-4 дәрежелі күйік шалған төрт адам ауруханаға жатқызылды. Үй өртенген жоқ.
"Оқиға орнына Алматы облысы ТЖД өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері мен бір техника жіберілді", — деп атап өтті ТЖ комитетінің баспасөз қызметі.
Құтқарушылар зақым келген және пайдалану мерзімі өтіп кеткен баллондар тұрғын үйлердегі өрт пен төтенше жағдайларға әкеліп соқтыратынын ескертеді.