Қоғам

Ресей азаматы шекарадан сирек кездесетін құстарды алып өтпек болған

Шекарадан өтпек болған ресейліктің көлігінен пайызторғайлар табылды
Sputnik

АСТАНА, 26 ақпан — Sputnik. Қазақстан-Ресей шекарасында сирек кездесетін құстардың ірі партиясы анықталды, деп хабарлайды Қазақстан Шекара қызметінің баспасөз қызметі.

Құстарды алып өтпек болған ресейлік азамат Қостанай шекаралық жасағының "Қайрақ авто" бекетінде ұсталған. 33 жастағы ер адам Ресейден Қазақстанға Kia көлігімен келе жатқан көрінеді. Көлігін тінту барысында 90 пайызторғай табылған.

Ер адамның құстарды алып өтуге рұқсат беретін тиісті құжаттары болмай шығыпты.