Оқиға

Алматыда Toyota Camry аударылды: бір адам қаза тауып, үшеуі ауруханада жатыр

Рөлге ие болмай қалған жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып өлтірген
Sputnik

АСТАНА, 26 ақпан — Sputnik. Алматыда Саин даңғылы мен Ұлықбек көшесі қиылысында жантүршігерлік жол апаты болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Куәгерлердің сөзіне сүйенсек, Toyota Camry Саин даңғылымен солтүстік бағытта келе жатып, неге екені белгісіз, жүргізуші рөлге ие бола алмай қалыпты. Салдарынан бордюрге шығып, бағананы құлатқан, кейін аударылып барып, ағашқа соғылды. Көлік жаяу жүргіншіні де қағып кетіпті, ол алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.

1 / 3
Алматыда Саин даңғылы мен Ұлықбек көшесі қиылысында жантүршігерлік жол апаты болды
2 / 3
Алматыда Саин даңғылы мен Ұлықбек көшесі қиылысында жантүршігерлік жол апаты болды
3 / 3
Алматыда Саин даңғылы мен Ұлықбек көшесі қиылысында жантүршігерлік жол апаты болды

Жол апатынан үш адам зардап шекті — Toyota Camry жүргізушісі мен екі жолаушысы әртүрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылған. 

Кейінірек жүргізушінің мас болғаны анықталды.