АСТАНА, 26 ақпан — Sputnik. Англияның Лестер қаласындағы жарылыстан алты адам зардап шегіп, ауруханаға түсті, екеуі ауыр хәлде жатыр, қалғандары жеңіл-желпі жарақат алған, деп хабарлайды РИА Новости қала ауруханасының өкілдеріне сілтеме жасап.
Жақында БАҚ және әлеуметтік желі қолданушылары Лестердегі жарылыс туралы мәліметті тарата бастаған: жарияланған сурет пен видеода лаулап жанған үй мен қалың түтін көрінеді. Кейінірек төрт адамның зардап шегіп, ауруханада әл үстінде жатқаны хабарланды.
Лестер полициясы оқиғаның теракт емес екенін айтады.