Қоғам

Қазақстандықтар қандай елдерде оқуға тегін түсе алады?

Еліміздің студенттері еуропаның 400-ден астам жоғары оқу орнында тегін оқиды
Sputnik

АСТАНА, 25 ақпан — Sputnik.  "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ қазақстандықтар тегін білім ала алатын алыс шет елдердегі жоғары оқу орындарының тізімін жариялады.  

Тізімге еуропадағы алты елдің жоғары оқу орындары енді:  

Германия университеттері

Франция университеттері

Норвегия университеттері

Чехия университеттері

Польша университеттері

• Грекия университеттері

Германияның 272, Францияның 59, Норвегияның 7, Чехияның 25, Польшаның 42, Грекияның 30 жоғары оқу орны қазақстандықтарды грантпен қабылдауға дайын. Барлығы – 435.