АСТАНА, 24 ақпан — Sputnik. Павлодардағы Былқылдақ көліндегі сынап мөлшері рұқсат етілген нормадан жиырма есе асып кеткен.
Ауыр металдың концентрациясы салдарынан көлдегі балықтарда генетикалық өзгеріске ұшырау байқалады.
"Балықтардың 36%-нда ауыз қуысы мен басында генетикалық өзгеріс бар. Қабыршақтары бөлек, көздері шамадан тыс бадырақ, жалпы сыртқы формасында өзгешелік байқалады", — дейді мемлекетік ветеринарлық дәрігер Марат Жарылғасынов Pavlodartoday сайтына берген сұхбатында.
Былқылдақ көліндегі қауіпті заттар химиялық зауыттан шыққан қалдық салдарынан көбейіп кеткен. Су қоймасы қорғалған, бірақ жақын маңда Павлодарское ауылы орналасқан. Жергілікті билік өкілдері тұрғындардың көлден балық аулауына тыйым салып отыр.