Видео

Ресей елшілігінен есірткі табылды. Оқиға орнында түсірілген кадрлар

Аргентинадағы Ресей елшілігінде барлығы 400 кг кокаин салынған 360 пакет табылды. Жергілікті билік өкілдері есірткінің құнын 50 миллион еуроға бағалаған
Sputnik

Ресейдің сыртқы істер министрлігі баспасөз хатшысы Мария Захарова берген мәліметке сүйенсек, арнайы операция нәтижесінде ресейлік және аргентиналық арнайы қызмет өкілдері есірткінің Мәскеуге жіберілуінің алдын алыпты.