Спорт

Қазақ боксшысы америкалықты бірінші раундта нокаутқа түсірді

Арман Рысбектің қарсыласы 27 жастағы америкалық Ноэ Лозано еді
Sputnik

АСТАНА, 24 ақпан — Sputnik. Қазақстандық Арман Рысбек кәсіби рингтегі алғашқы жекпе-жегінде қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсірді.

Головкин -"Канело" реваншы қайда өтетіні белгілі болды

Боксшылар кездесу алдындағы салмақ өлшеу салтанатында орташа салмақ дәрежесіне тұрақтаған болатын.

Бұдан бұрын қазақ боксшысы "Астана Арланс" командасы құрамында WSB чемпионы атанған.

Ал кәсіби рингтегі алғашқы кездесуі бірнеше рет кейінге қалдырылған еді.