Бағдарламаға қатысушылар Донбасстағы ахуалды талқылап жатады. Украиналық саясаткер Дмитрий Суворов пікірталас кезінде дауыс көтеріп, тіл тигізе бастаған, деп хабарлайды НТВ телеарнасының сайты.
Бағдарлама жүргізушісі Андрей Норкин саясаткерге жақындап, иығынан ұстай бергенде, Суворов ашуға булығып, жұдырығын ала жөнеліпті.
Ақыры соңы төбелеске айналып, студияға келген басқа жұртта араласып кеткен.