Өңірлер

Шымкентте салмағы 11 кг тартатын он жасар қыз реанимацияға түсті

Лаура Сағатоваға дәрігерлер бес жылдан бері нақты диагноз қоя алмай отыр
Sputnik

АСТАНА, 23 ақпан — Sputnik. Оңтүстік Қазақстан облысында дәрігерлер бес жылдан бері диагноз қоя алмаған он жасар Лаура Сағатова жан сақтау бөліміне түсті.

Қыз жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған, тамақ түтікше арқылы беріліп жатыр.   

Оңтүстік Қазақстан облысында бүлдіршін белгісіз дерттен азап шегуде
"Анасы тұмаумен ауырған. Ал баланың ағзасы әлсіреп, тұншыға бастаған. Анасы жедел жәрдемді бір жарым сағат күте алмаған. Ақыры Шымкенттің балалар ауруханасына таксимен алып барған", — деп хабарлады Sputnik Қазақстанға ерікті Анаргүл Әмірова.

Ауыр дертке шалдыққан Лаура Сағатоваға дәрігерлер бес жылдан бері нақты диагноз қоя алмай отыр. Анасының айтуынша, қыз жылдан-жылға әлсіреп бара жатыр, салмағы 11  килограмм тартады екен.  

Ерікті Анаргүл Әмірованың айтуынша, баланың туыстарына мәжіліс депутаты Зағипа Балиева көмектесуде. Қыздың анасы баласын Оңтүстік Кореяда емдеткісі келетінін айтады.   

"Алматыдан Шымкентке екі маман ұшып келді. Аталған мәселе бойынша кеңес өтіп жатыр. Қазіргі таңда баланың жағдайы тұрақталды", — деп толықтырды ерікті.