Спорт

Головкин -"Канело" реваншы қайда өтетіні белгілі болды

5 мамырға белгіленген жекпе-жек Лас-Вегаста өтетінін қазақстандық боксшының өзі хабарлады
Sputnik

АСТАНА, 23 ақпан — Sputnik. Қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес арасындағы екінші жекпе-жектің қайда өтетіні белгілі болды.

Геннадий Головкин: Мен 2018 жылға дайынмын!
5 мамырға белгіленген жекпе-жек Лас-Вегаста өтеді.  

Бұл туралы ҚР парламенті мәжілісінің экс-депутаты Мұхтар Тінікеевке Головкиннің өзі телефон арқылы хабарлаған.  

"Қазір ғана Геннадий қоңырау шалып, 5 мамырдағы жекпе-жектің күні белгіленгенін айтты, ол Лас-Вегаста өтеді!", — деп жазды Тінікеев Facebook-тегі парақшасына. 

Естеріңізге сала кетейік, Головкин мен "Канелоның" алғашқы жекпе-жегі өткен жылдың қыркүйегінде өтті. Ол кезде 12 раундтық кездесу төрешілер шешімімен тең аяқталған болатын.