Қоғам

Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын кімдер алатыны белгілі болды

Данияр Ақышев зейнетақы жинағын қандай жағдайда мерзімінен бұрын алуға болатынын түсіндірді
Sputnik

АСТАНА, 22 ақпан — Sputnik. Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алуға бола ма деген сұраққа жауап берді.

Жақыпова зейнетақы көп болу үшін не істеу керектігін айтты

"Біздің пайымдауымызша, зейнетақы жинағын уақытынан бұрын алу мүмкіндігіне зейнетақы жинағының көлемі өте жоғары салымшылар ие болады", — деді Ұлттық банк төрағасы онлайн-конференцияда.

Яғни, зейнетақы жүйесі енгізілген 20 жыл ішінде салымшы аз ғана сома жинаса, ақшаның бәрін шешіп алуға рұқсат берілмейді.

Егер зейнетақы шотында қаражат көп болып, адам оны сауатты түрде пайдалана алатын болса, яғни жалақының 40%-ы стандартына сай келсе, мұндай салымшылар жинағының бір бөлігін шешіп ала алады.

"Өкінішке орай, азаматтар зейнетақы жинағы аз болса да, пайдаланғысы келеді. Бірақ бұл ақша азаматтар зейнетке шыққан кезде, олардың кірісін қамтамасыз етуге бағытталған. Зейнетақы жинағын пайдалану бойынша басқа ұсыныстарды қарастырмаймыз", — деді Ақышев.

Ұлттық банк төрағасы атап өткендей, зейнетақы жүйесінің басты мақсаты – адамның қартайған шағында кірісін қамтамасыз ету.