Оқиға

БҚО-да КамАЗ бен жеңіл көлік соқтығысып, екі адам қаза тапты

Жеңіл көліктің жүргізушісі мен жолаушысы мерт болды
Sputnik

АСТАНА, 22 ақпан – Sputnik. Бүгін түсте Орал-Каменка тас жолында жол апаты болып, екі адам көз жұмды, деп хабарлайды "Мой город" порталы.

Қарағанды облысында жол апатынан алты адам қаза тапты

БҚО-да бүгін сағат 14:00-де Орал-Каменка тас жолында, Белес ауылына жақын маңда КамАЗ бен жеңіл көлік соқтығысты. 

Белгілі болғандай, тіркемесі бар КамАЗ Орал қаласына қарай бет алған, ал ВАЗ-2114 қарсы бағытта келе жатқан. 

"Жеңіл көліктің жүргізушісі алдындағы көлікті басып озбақ болды. Қарсы бетке шыққанда, жүк көлігімен соқтығысты", — деді куәгерлер. 

Жол апаты салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен салондағы жолаушы көз жұмды.