Экономика

Ақышев зейнеткерлерді несие алмауға шақырды

Қазақстан Ұлттық банкінің басшысы айтқандай, аңғал зейнеткерлер қаржылық сауатсыздықтарының кесірінен несие алып, көпе-көрнеу депозиттерге ақша салады
Sputnik

АСТАНА, 22 ақпан — Sputnik. Қазақстанның Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев онлай-конференция барысында зейнеткерлерді банктен несие алмауға және сенімсіз қаржы ұйымдарына ақшалай салым салмауға шақырды.

Ақышев Елбасыға қаржы нарығындағы ахуал жақсара түскенін айтты

Ұлттық банк басшысының сөзіне сүйенсек, қаржы нарығының реттеушісі байқағандай, лицензиясы жоқ қаржы пирамидалары қазақстандықтардың қаражатын "әртүрлі бағдарламаларға" тартатын көрінеді.

Соған баланысты төраға зейнеткерлерді сондай құрылымдар уәде беретін "жоғары пайыздарға" қызықпауға және артынша көбінесе төлей алмай қиналатын несиеге жоламауға шақырды.

Бұдан бөлек, банк тауарлары туралы сөз қозғаған Ақышев ислам банктеріндегі қаржыландыру жайлы айтып берді.

Ислам банктеріндегі депозиттер Қазақстанның депозиттерді кепілдендіру қоры тарапынан кепілдендірілмесе де, аз көлемде қаражат салу ешқандай проблема туғызбайды, деп санайды бас банктің төрағасы.