Әлем

Алматыда ұсталған қырғыз депутаты Қазақстан азаматы болып шықты

Қырғыз заңнамасына сәйкес екі елдің азаматтығын алған адам депутат бола алмайды
Sputnik

АСТАНА, 22 ақпан — Sputnik. Қазақстан СІМ Қырғызстан сыртқы істер министрлігіне Жогорку Кенеш депутаты Дамирбек Асылбек уулу қос елдің де азаматы екенін хабарлаған.  

Қырғыз парламенті Қазақстанда ұсталған депутаттың ісіне араласпайды
Sputnik Қырғызстанның мәліметінше, бұдан бұрын БАҚ Қазақстанда ұсталған Жогорку Кенеш депутатында екі елдің азаматтығы бар екенін жазған болатын. Қырғызстан заңнамасына сәйкес екі елдің азаматтығын алған адам депутат бола алмайды.   

Алматы соты Асылбек уулуны екі ай мерзімге қамауға алуға санкция берді.  Депутат қазақстандық күш құрылымдары өткізген арнайы операция кезінде ұсталды.  Депутаттан басқа Қырғызстанның тағы екі азаматы тұтқындалған.  

Депутаттың партияластары Асылбек уулу "Қырғызстан" парламенттік фракциясының белсенді мүшесі екенін, бауырлас екі елдің атынан күрестен жарыстарға қатысып, спорттың осы түрінің дамуына үлкен үлес қосқанын мәлімдеді.