Фото

Боралдай сақ қорғанының құпиясы

Sputnik

Ол қаланың Алатау ауданында, Үлкен Алматы және Боралдай өзендерінің арасында орналасқан. Бұл жерде екі жарым мың жыл бұрын салынған қорым жатыр.

Sputnik Қазақстан фотографы Анатолий Устиненко қысқы археологиялық саябаққа экскурсия жасап, оқырмандарымыздың назарына фотосуреттерді ұсынады. Фотолентамыздан киелі жердің құпиясы мен ежелгі көшпенділер өркениеті туралы біле аласыздар.

1 / 7
Мұндай обалар қорған түрінде Австралиядан басқа бүкіл континентте кездеседі. Әдетте пішіні жарты шар іспетті. Ежелгі адамдардың түсінігінше, қорғандар өте киелі жер болған. Көбінесе көсемдер, тайпа басшылары жерленген жерде тұрғызылған.
2 / 7
Археологиялық саябақтың аумағында тас ғасырының ескерткіштерінің тарихи реконструкциясы құрылған. Олардың бірі "Патша қорғаны" деп аталады. Бұл сақ дәуірінің жерлеу орны. Бұл жерде қабір қасына қойылған қыш және ағаш ыдыстарды, көне қаруларды көруге болады.
3 / 7
Боралдай сақ қорғаны қазақстандық және шетелдік туристтердің ерекше қызығушылығын туғызады. Ескерткіш әлі күнге дейін мәдени және табиғи бейнесін бұзбай, сол қалпы сақталған.
4 / 7
Боралдай сақ қорғанын ЮНЕСКО-ның әлем мұрасына жататын нысандар тізіміне енгізу ұсынылмақ.
5 / 7
Қазір Алматы қаласы орналасқан жердің тарихы 28 мың жылдан астам уақытты қамтиды. Біздің дәуірімізге дейінгі Х ғасырда бұл өңірлерді әуелі сақтар, кейін үйсіндер мен түркілер мекен етті.
6 / 7
Археологиялық кешен 47 сақ және үйсін қорғанынан тұрады. Олардың ең ірісінің биіктігі 14 метр, диаметрі 100 метрден асады. Ең ежелгі қорғандар біздің дәуірімізге дейінгі VI ғасырға жатады.
7 / 7
"Боралдай сақ қорғаны" археологиялық саябағында басты екі нысан бар – қорған мен ежелгі сақ баспанасының макеті. Сол жерде келушілер ежелгі көшпенділердің тұрмысымен таныса алады.