Өңірлер

Қызылорда тұрғыны көктайғақта көшеге шығып, коньки тепті

Қызылордада көктайғақ салдарынан 70-тен астам адам жарақат алып, дәрігердің көмегіне жүгінді
Sputnik

АСТАНА, 21 ақпан — Sputnik. Қызылордада жаңбыр жауып, салдарынан қала көшелері мұз айдынына айналды.

Әлеуметтік желіде пайда болған видеода, бір жігіт көктайғақта көшеге шығып, коньки теуіп жүр. Роликтің авторы бұл оқиғаның Қызылордада болғанын айтады.

 

 

 

"Кызылординские вести" газетінің мәліметіне сүйенсек, сейсенбіден бері облыстық медициналық орталықтың қабылдау бөліміне көктайғақ салдарынан зардап шеккен 78 адам қаралған. Төртеуінің миы шайқалып, тағы төртеуі сынық жарақатын алған екен.

Қаланың коммуналдық қызметтері көшелерді мұздан тазарту бойынша күшейтілген жұмыс атқарып жатыр.