Өңірлер

Ақмола облысында автовокзалда автобус өртенді

Астанадан шыққан автобустың неден өртегені әзірге белгісіз
Sputnik

АСТАНА, 21 ақпан – Sputnik. Ақмола облысында рейстік қалааралық автобус өртенді, қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлады өңірдегі төтенше жағдайлар департаменті.   

Ақтөбе облысында автобус өртеніп кетті: 52 адам ажал құшқан
Ведомствоның мәліметінше, Ақмола облысының Астраханка ауылында 20 ақпан күні сағат 13.17-де автовокзал аумағында Астраханка — Астана бағытында қатынайтын, 1990 жылы шыққан Neoplan рейстік автобусы өртенді. Жалын бір шаршы метрге шарпыған. Өрт сағат 13.30-да сөндірілді.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Автобустың өртену себебі әзірге белгісіз.  

Естеріңізге сала кетейік, 2018  жылдың 18 қаңтарында Ақтөбе облысында жолаушылар автобусының өртенуі салдарынан 52 адам (барлығы Өзбекстан азаматы) қаза болып, 5 адам түрлі дәрежедегі жарақат алған болатын.