Өңірлер

Шымкентте бет-аузының сау-тамтығы қалмаған жігіттің мәйіті табылды

Тұрғындар теміржол бойында 30-35 жастағы жігіттің мәйіті жатқанын көріп қалған
Sputnik

АСТАНА, 21 ақпан — Sputnik. Шымкентте жаяу жүргіншілер бүгін таңертең бет-аузы мен денесінен ауыр жарақат алған ер адамның денесін тауып алды, деп хабарлады  TVK арнасы.

Петропавлда қарт адамның бөлшектелген мәйіті табылды
Мәйіт Рашидов және Жангелдин көшелерінің қиылысына жақын жердегі теміржол бойында жатқан. Ер адам шамамен 30-35 жаста.  

Оқиға орнында полицейлер мен криминалистер жұмыс істеп жатыр. Өлімге не себеп болғаны әзірге белгісіз. Ер адам пойыз астына түсіп қалуы немесе оны біреу пойыздан құлатып жіберуі мүмкін. Қаза болған жігіт үйсіз-күйсіз жүрген адамға ұқсамайды.