Қоғам

Қытайдың ең бай адамы Димаш Құдайбергенге қошемет көрсетті – видео

Димаш Құдайберген Қытайдың Жаңа жылы қарсаңында Бейжіңде өнер көрсетті
Sputnik

АСТАНА, 21 ақпан — Sputnik.  Қытайлық миллиардер, Alibaba Group компаниясының негізін қалаушы Джек Ма қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің Бейжіңдегі концертінде болды. Әнші Instagram-дағы жеке парақшасында концерттен үзінді жариялады. 

Димаш тыңдармандарының алдында қытай тілінде ән шырқады. Залда отырған миллиардер әншінің өнеріне қол соғып қошемет көрсетті.  

 

 

Джек Ма Қытайдың ең бай адамы саналады. Forbes журналының мәліметінше, өткен жылы оның дәулеті 39,1 миллиард долларға бағаланған.