Әлем

Әкесі жеті айлық ұлының қолын ыстық табаға басып алған

Сәбиге медициналық көмек көрсетілді, қазір әлі де емделіп жатыр
Sputnik

АСТАНА, 20 ақпан — Sputnik. Санкт-Петербургте мас әке жеті айлық ұлының қолын ыстық табаға басып, ұрып-соққан.

Дәрігерлер әкесі терезеден лақтырып жіберген сәбидің хәлі туралы айтты

РИА Новости агенттігі жазуынша, таңғы алты кезінде Лермонтов көшесіндегі үйлердің бірінде 28 жастағы жұмыссыз азамат мас күйінде жеті айлық ұлының қолын ыстық табаға басып, кейін бірнеше мәрте ұрыпты.

Зардап шеккен сәбиге медициналық көмек көрсетіліп, амбулаториялық емделуге жіберілген. 

Ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды, ол екі жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.