Қоғам

Қазақстанда автокөлік нөмірлерінде латын әріптері пайда болады

Қазақстанда мемлекеттік тіркеу нөмірлерінің ұлттық стандартына өзгерту енгізіліп, латын әріптерімен толықтырылды
Sputnik

АСТАНА, 20 ақпан — Sputnik. Қазақстанда автокөліктердің мемлекеттік тіркеу нөмірлерінде жаңа латын әріптері пайда болады, деп хабарлады әкімшілік полиция комитетінің баспасөз хатшысы Ирина Лукьянина-Костерева.

Оның мәліметіне сүйенсек, мемлекеттік тіркеу нөмірлерінің ұлттық стандартына өзгертулер енгізілді. 

"Өзгертулерге сәйкес G, I, J, Q латын әріптері қосылды", — деп жазды Лукьянина-Костерева Facebook парақшасында.