Спорт

Шүменов Қанат Исламның промоутері болды деген ақпарат жалған

"Қазақтың" командасы Боксрек сайтына жалған ақпарат жарияланғанын мәлімдеді
Sputnik

АСТАНА, 20 ақпан — Sputnik. Қазақстандық боксшы Қанат Исламның командасы Бейбіт Шүменовпен ынтымақтастық орнату туралы ақпаратқа түсініктеме берді.  

Бейбіт Шүменов Қанат Исламға промоутер болды
"Бейбіт Шүменов Қанат Исламның промоутері болды деген ақпарат жалған. Боксрек сайтына солай жазылып кетіпті. Хабарластық. 1-2 күнде өшіреді", — деп жазды "Қазақтың" командасы Instagram-дағы парақшасында. 

Естеріңізге сала кетейік, кеше BoxRec.com сайты Бейбіт Шүменов Қанаттың жаңа промоутері болғанын хабарлады. Бұған дейін Қанат Исламның Шымкенттегі Royal Club Fitness & SPA базасында Шүменовтың жетекшілігімен дайындалып жүргені белгілі болған. Одан кейін Бейбіттің өзі промоутерлік компания құрып, қазақстандық былғары қолғап шеберлерін төрткүл дүниеге танытумен айналысатынын мәлімдеген еді.