Қоғам

Назарбаев латын графикасындағы қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасын бекітті

Қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасында 32 таңба бар, онда апостроф қолданылмайды
Sputnik

АСТАНА, 20 ақпан — Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы" жарлыққа өзгеріс енгізді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. 

"Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы №569 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. "Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы №569 Жарлығына (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, № 50-51-52, 326-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

аталған Жарлықпен бекітілген латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиі осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Латын графикасындағы қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасы