Спорт

Бейбіт Шүменов Қанат Исламға промоутер болды

"Қазақ" енді қазақ промоутермен жұмыс істейді
Sputnik

АСТАНА, 20 ақпан — Sputnik. Ауыр салмақтағы әлемнің экс-чемпионы Бейбіт Шүменов (17-2, 11 КО) енді отандасы Қанат Исламды (25-0, 20 КО) жекпе-жектерге өзі дайындамақшы, деп жазды prosports.kz.

Бейбіт Шүменов кәсіпқой боксқа қайта оралмақ
Кеше BoxRec.com сайты Бейбіт Шүменов Қанаттың жаңа промоутері болғанын хабарлады. Бұған дейін Қанат Исламның Шымкенттегі Royal Club Fitness & SPA базасында Шүменовтың жетекшілігімен дайындалып жүргені белгілі болған болатын.

Одан кейін Бейбіттің өзі промоутерлік компания құрып, қазақстандық былғары қолғап шеберлерін төрткүл дүниеге танытумен айналысатынын мәлімдеген еді. Міне, енді сол ақпараттардың жалғасы ретінде Шүменовтың Исламды өз жетекшілігіне алатыны жарияланып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, Қанат Исламның бұған дейінгі промоутері Нельсон Лопес болатын.