АСТАНА, 20 ақпан — Sputnik. Синоптиктердің болжауынша бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, кей жерлерде қар жауып, жаяу бұрқасын соғады. Республиканың басым бөлігінде тұман түседі, деп хабарлады Қазгидромет.
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді –15-20, екпіні 23-28, оңтүстік-батыста 30 м/с асады.
Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел күшейеді – 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді, Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ болады.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, күндіз кей жерлерде жел 15-25 м/с күшейеді.
Ақтөбе облысында Мұғалжар ауданында түнде жел 18 м/с күшейеді.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғады.
Ақмола, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.