Видео

Бұл медаль мен үшін алтынмен барабар – Юлия Галышева Пхенчханнан ұшып келді

Пхенчхандағы Олимпиадада қола медаль алған қазақстандық фристайлшы Юлия Галышева Қазақстанға ұшып келді.
Sputnik

Жұрт спортшыны Алматы әуежайынан зор қошеметпен қарсы алды.   

Биылғы Ойындарда және Қазақстан тарихында могулден алғашқы Олимпиада медалін жеңіп алған Юлия Галышева жетістікке жетуге не көмектескенін айтып берді.    

"Бұл қола медаль мен үшін алтынмен барабар", – деді ол.

Юлия Галышеваны салтанатты түрде қарсы алуға сондай-ақ 2010 жылғы Ванкувер Олимпиадасының күміс жүлдегері биатлоншы Елена Хрусталева да келді.  

Галышева журналистерге сұхбат бергеннен кейін туған қаласы Өскеменге ұшып кетті.