Өңірлер

Петропавлда қарт адамның бөлшектелген мәйіті табылды

69 жастағы ер адамды өлтірді деген күдікпен оның көңілдесі ұсталды
Sputnik

АСТАНА, 19 ақпан — Sputnik. Петропавлдағы аулалардың бірінен адамның бөлшектелген мәйіті табылды, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға Солтүстік Қазақстан облысының полициясы.  

Өскеменде темекі сұраған ер адамды жауыздықпен өлтіріп кеткен
69 жастағы ер адамның дене бөлшектері 18 ақпан күні табылды.

"Полиция қызметкерлері қылмысты жасады деген күдікпен марқұмның 1962 жылы туған көңілдесін ұстады, олар бірге тұрған. Қылмыстық істі тергеу аясында қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, бірқатар сараптама тағайындалды, оның нәтижесі бойынша оқиғаның себебі мен барлық мән-жайы анықталады", — деп хабарлады ішкі істер департаменті.

ҚР ҚК 99-бабы "Кісі өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.