Өңірлер

Алматы облысында екі оқушы жоғалып кетті

Жасөспірімдердің бірі Талдықорғанда Тәуелсіздік күні жоғалған, екіншісі – қаңтардың басында Талға ауданында үйінен кетіп қалған
Sputnik

АСТАНА, 19 ақпан — Sputnik. Алматы облысында із-түзсіз жоғалып кеткен екі жасөспірім іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды өңірдің ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.

Полиция мәліметінше, оқушылардың бірі – Нұрбек Сейітхан 2017 жылдың 16 желтоқсанында Талдықорғанда жоғалған, екіншісі – кәмелеттік жасқа толмаған Александра Плигина Талғар ауданы Ақтас ауылында биыл 8 қаңтарда үйінен шығып, қайта оралмапты.

Мектеп оқушыларының суреті әлеуметтік желідегі өңір полициясы парақшасында жарияланған.

Алматы облысында жоғалып кеткен оқушылар

Жоғалып кеткен жасөспірімдерді көрген жандар болса, Талдықорған қаласы ІІБ кезекші бөліміне хабарлассын: 8-7262-608067 (68), Алматы облысы ІІД іздеу бөлімі: 8-7282-608233 немесе 102 нөміріне қоңырау шалуға болады.