Қоғам

Қазақстандықтар наурызда қанша күн демалады?

Наурызда елімізде екі мейрам тойланады
Sputnik

АСТАНА, 19 ақпан — Sputnik. Биылғы жылы наурызда қазақстандықтар 13 күн демалады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

2018 жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

Қазақстан үкіметінің қаулысымен еңбек кодексіне сәйкес және жұмыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында 2018 жылдағы сенбіге түскен демалыс күндері ауыстырылған болатын. Сөйтіп, 3 наурыз жұмыс күні болады. Ал 8, 9, 10, 11 наурыз қазақстандықтар демалады. 

21-23 наурызда елімізде үш күн Наурыз мейрамы тойланады. Бұл мерекеде қазақстандықтар сенбі мен жексенбіні қоса алғанда 5 күн қатарынан демалу мүмкіндігіне ие болады. 

Сонымен, 4, 17, 18 және 31 наурыздағы барлық демалыс күндерін қоса алғанда қазақстандықтар көктемнің алғашқы айында 13 күн демалады.