АСТАНА, 19 ақпан — Sputnik. Қазақстанның сейсмикалық станциялар желісі Алматыдан 207 шақырым қашықтықта жер сілкінісі болғанын тіркеді.
Магнитудасы 4,7 жер сілкінісі 19 ақпанда сағат 07:01 кезінде Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 207 шақырым қашықтықта Қазақстан аумағында болған.
Жер сілкінісі ошағы бес метр тереңдікте. Сезілуі туралы мәлімет жоқ.