Оқиға

Ақтау-Бейнеу тас жолында көлік апатынан үш адам қаза тапты

Жүк көлігі мен пикап соқтығысқан, жол апатының мән-жайы анықталып жатыр
Sputnik

АСТАНА, 19 ақпан — Sputnik. Маңғыстау облысында жол апаты салдарынан үш адам қаза тауып, екеуі зардап шекті, деп хабарлайды "Лада" жергілікті басылымы.

Ақтауда жедел жәрдем мен Toyota соқтығысып, төрт адам зардап шекті

Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент мәліметінше, жол апаты жергілікті уақыт бойынша 15:07 кезінде болған.

Үш адам оқиға орнында қаза тауып, екеуі ауруханаға жатқызылды.

Бастапқы деректерге сүйенсек, жүк көлігі мен пикап соқтығысып қалған. Жол апатының мән-жайы анықталып жатыр.