Оқиға

Астанада қысқатолқынды пеш тұтанып, ірі өртке ұласты

Өрт аумағы алты шаршы метрді құрайды, зардап шеккендер жоқ
Sputnik

АСТАНА, 19 ақпан — Sputnik. Жексенбі күні Астанада техникалық қызмет көрсету станцияларының бірінде өрт шықты, деп хабарлады елордалық Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Алматыда "Тастақ" базарына жақын маңда екі қабатты ғимарат өртеніп кетті

ТҚКС Сарыарқа және Жангелдин көшелерінің қиылысында орналасқан. 

"Ас үйде микротолқынды пеш тұтанып, алты шаршы метрді алған өртке ұласты", — деп хабарлайды департамент. 

Қалың түтін шыққан жерге адамдар мен техника жіберілген.

Өрт 18:25-те сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.