Қоғам

СІМ: Қазақстанда депутаттан бөлек, тағы үш қырғызстандық ұсталды

Бұған дейін Қазақстан СІМ Қырғызстанның екі азаматы ұсталғанын растаған еді, олардың бірі – Жогорку Кенеш депутаты Дамирбек Асылбек уулу
Sputnik

АСТАНА, 18 ақпан – Sputnik. Қырғызстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі 15 ақпанда Қазақстан аумағында тағы екі қырғызстандық ұсталғанын хабарлады. 

Қырғызстан СІМ Қазақстанға нота жіберді
Бұған дейін, Қазақстанның оңтүстігінде жүргізілген арнайы операция кезінде 29 адам, соның ішінде кеден және құқық қорғау органдарының лауазымды тұлғалары, брокерлер, делдалдар, криминалитет өкілдері мен Қырғызстанның екі азаматы ұсталғаны хабарланған еді. 

Кейінірек Қырғызстанның сыртқы істер министрлігі толық ақпарат алу үшін Қазақстанға нота жіберді. Қазақстан СІМ сенбі күні Жогорку Кенеш депутаты Асылбек Дамирбек уулу ұсталғанын растады. 

Қырғызстанның сыртқы саяси ведомствосы қазақстандық тараптан төрт азаматтың ұсталғаны туралы мәлімет алғанын хабарлады. 

СІМ Қазақстанның құзырлы органдары ұсталған азаматтарға қатысты тиісті жұмыс жүргізіп жатыр, деп жазады Sputnik Қырғызстан.