Өңірлер

Шымкентте малға шөп салуға кеткен баланың мәйіті табылды

Трагедия жұма күні кешке болған, жасөспірімнің мәйітін анасы қорадан тауып алған
Sputnik

АСТАНА, 18 ақпан — Sputnik. Шымкенттегі мектептердің бірінің сегізінші сынып оқушысы өзіне қол жұмсады, деп хабарлады "Отырар". 

Шымкентте асылып қалған жасөспірімге жоғары сынып оқушылары маза бермеген
Қала әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, трагедия 16 ақпан күні сағат 19:00 шамасында болған. Кешкі сағат алтыдан өте бала анасына малға шөп салатынын айтып, қораға кіріп кеткен. Жарты сағаттан кейін әйел ұлының қайтып келмегеніне алаңдап, қораға кіреді, сол жерден оның мәйітін тауып алған. Баланың денесі бірінші ауруханаға жеткізілді.     

Суицид дерегі Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелді. Тергеу жүргізіліп жатыр.  

Айта кетейік, 10 ақпан күні Шымкенттегі Қайнар бұлақ тұрғын алабында 16 жастағы жасөспірім өзіне қол салған болатын.