Спорт

Головкин-"Канело" реваншына арналған трейлер шықты

Головкин мен Альварестің қарымта жекпе-жегі 5 мамырға жоспарланған
Sputnik

АСТАНА, 17 ақпан – Sputnik. Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің мексикалық Сауль "Канело" Альвареске қарсы екінші жекпе-жегіне арналған трейлер шықты, деп хабарлайды sports.kz.

Қарымта жекпе-жек 5 мамырда өтеді. Кездесудің қайда өтетіні әзірге белгісіз. 

Естеріңізге салып өтсек, өткен жылы қыркүйекте Лас-Вегаста өткен Головкин-Альварес жекпе-жегі тең аяқталған еді.