Қоғам

Алматыдағы арнайы операцияның "бас кейіпкеріне" үкім шығарылды

23 жастағы Дәурен Әлеуханов екі жарым жылға бас бостандығынан айырылды
Sputnik

АСТАНА, 16 ақпан — Sputnik. Былтыр қарашада Алматыдағы арнайы операция кезінде ұсталған Дәурен Әлеухановқа үкім шығарылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі сот залынан.

Алматыдағы арнайы операция: куәгерлер оқиғаның мән-жайын айтты

23 жастағы Дәурен Әлеуханов былтыр қараша айында ұсталған: брондалған көлікті тоқтату үшін полиция оқ атуға мәжбүр болыпты. Көлікті тінту барысында автомат, 30 оқ пен аңшы пышағы және бронежилет табылды.

"Жаза ретінде екі жарым жылға бас бостандығынан айыру", — деп үкімді оқыды Бостандық ауданы №2 сотының судьясы Жанат Бекжанов.

1 / 2
Сотталушы Дәурен Әлеуханов
2 / 2
Сотталушы Дәурен Әлеуханов

Сонымен бірге, Әлеуханов үш жылға көлік айдау құқығынан айырылды.