Қоғам

Лимузин, отшашу, ұлан-асыр той: елімізде сәбиді перзентханадан қалай шығарып алады?

Сән-салтанатты жақсы көретін қазақстандықтар өмірдегі ең қуанышты сәттерді ұлан-асыр тойға айналдырады
Sputnik

АСТАНА, 16 ақпан — Sputnik. Сәбиді перзентханадан шығарып алу – ең қуанышты сәттердің бірі. Алайда қазақстандықтар отбасылық шағын мерекені ұлан-асыр тойға айналдырып, думандатып өткізеді. Sputnik Қазақстан тілшісі әлеуметтік желіде талқыға түскен ең қызықты видеолар топтамасын әзірледі.

Жақында шыққан видеороликті қолданушылардың бірі мақтаса, өзгелері қатты сынға алды. Бұл Атыраудағы сәбиді перзенттен шығарып алу салтанаты екен.

Орталық есіктің алдына кілем жайылып, екі жағынан биші қыздар тізіліп тұрды. Перзентхана алдында бенгал отшашуы ұйымдастырылған, алуан түрлі шарлар да көздің жауын алады.

Сәби мен анасын үлкен қуыршақтар қарсы алды. Арнайы шақырылған әнші көлік шөмішіне шығып ән шырқады. Қыс мезгілі болғанына қарамастан, экзотикалық жемістерге толы дастархан жайылды. Қысқасы, ешкімнің есінен кетпес керемет шоу болды.   

Тағы бір видео да батыс өңірде түсіріліпті. 10 көліктен құралған кортежді салт аттылар бастайды. Ал ең басты көліктің сыртына күйеуі үлкен әріптермен әйеліне көптен күткен ұл сыйлағаны үшін алғысын жазған.

 

 

Жұлдыздар жағына келсек, отандық шоу-бизнесте белгілі қазақ әртістері Қарақат Әбілдина мен Қыдырәлі Болмановтың қыздарын перзентханадан күймемен шығарып алуы еске түседі.