Қоғам

Көлік құжаттарын қашан интернет арқылы рәсімдеуге болатыны белгілі болды

Енді көлік құжаттарын рәсімдеу халыққа қызмет көрсету орталықтарына барудың қажеті болмайды
Sputnik

АСТАНА, 16 ақпан — Sputnik. Биылғы жылы шілде айының соңына дейін автокөліктерді электронды тіркеу жүйесі іске қосылады. Бұл туралы бүгін ақпарат және коммуникациялар министрлігінің кеңйтілген алқа мәжілісінде премьер-министрдің орынбасары Асқар Жұмағалиев айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Енді көлік жүргізушілеріне құжаттарын рәсімдеу үшін мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарына барудың қажеті болмайды. 

"Мамандандырылған халыққа қызмет  көрсету орталықтарында проблемалар бар екенін білеміз. Автокөліктерді рәсімдеуге кезекке тұрғандар саны көп. Осы бағытта ішкі істер министрлігімен жұмыс істеп жатырмыз. Бірінші жартыжылдықтың соңына дейін осы бастаманы жүзеге асырамыз. Осылайша автокөлікті халыққа қызмет көрсету орталығына келмей-ақ, рәсімдеуге мүмкіндік беріледі. Яғни, интернет арқылы тапсырып беріп, "Қазпошта" арқылы ала аласыз. Бұл бастама көлік жүргізушілерінің көңілінен шығады деген ойдамын", — деді Жұмағалиев.