Бір қабатты үйді отағасы Виктор Оскирко өзі салыпты, құрылыс материалына 2000 доллар кеткен екен. Жобасын студенттерге шағын үй салумен айналысатын неміс архитекторының идеясына сүйеніп жасаған.
Үйдің биіктігін ескеріп, қожайын жатын бөлмесін, қонақ бөлмені, ас үй мен тіпті әжетхананы да бір-ақ сыйдырып жіберіпті. Алайда душқа түсіп, жуыну үшін унитазға отыруға тура келеді.
Бөтен пәтерді жалдаудан жалыққан отбасы осындай амал тапса керек.