Қоғам

Жілікті қолымен сындырған "терминатор" әжей жұртты таңғалдырды

Жұрт қарияның күш-қуатына таңдай қақты
Sputnik

АСТАНА, 15 ақпан — Sputnik. Желіде әжейдің жілікті қолымен сындырған видеосы тарап кетті. 

Видео инстаграмдағы пабликтердің бірінде жарияланды. Әжей еш қиналмастан алдында жатқан сүйекті бір соққымен екіге бөліп тастайды. 

"Апа емес, нағыз терминатор!" — деп жазылған видеоның астында. 

Видеоға пікір жазғандар қарияның күш-қайратына таң қалып жатыр.