Оқиға

Павлодар облысында төрт адам мінген көлік пойыз астына түсті

Үш жолаушы әкетіп бара жатқан көлік жүргізушісі тоқтау туралы белгіге қарамай, пойыздың алдын кесіп өтпек болған
Sputnik

АСТАНА, 15 ақпан — Sputnik. Павлодар облысында пойыз бен көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Қарағанды облысында жол апатынан алты адам қаза тапты

14 ақпанда Lada көлігінің 28 жастағы жүргізушісі Шарбақты ауылының сыртындағы айналма жолмен келе жатады. Теміржол өткеліне жеткенде тоқта деген сигналға қарамастан, алға жылжи береді. Бірақ өткелден өтіп үлгермей, пойыз астына түскен.

Соқтығысу салдарынан жүргізуші мен үш жолаушы ауруханаға түсті, 36 жастағы жолаушылардың бірі алған жарақатынан көз жұмған.    

Рavon.kz мәліметіне сүйенсек, қаза тапқан жолаушы көлік ішінде қысылып қалыпты, жедел жәрдем келгенше жан тапсырған. Емізулі баласы бар әйел мен жүргізуші аман қалды. Бірақ  жасқа толмаған сәби әл үстінде жатқан көрінеді.