Оқиға

Қызылордада екі үйде газ жарылысы болды

Жарылыс салдарынан 24 жастағы қыз қатты күйіп қалды
Sputnik

АСТАНА, 15 ақпан — Sputnik. Қызылордада екі тұрғын үйде газдан жарылыс болды, деп хабарлайды Хабар 24.

Оралда жатақханада газ жарылды

Құтқарушыларға алғашқы хабарлама Тайманов көшесіндегі №1 үй тұрғындарынан түскен. Ондағы жарылыстың күшті болғаны соншалық төменгі қабаттағы пәтер балконының сау-тамтығы қалмаған.

Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Араға бірнеше минут салып, келесі үйден екінші жарылыс даусы естілген. Салдарынан 24 жастағы қызды күйік шалды. 

Жалпы түс ауа қаланың бірнеше шағын ауданындағы пәтерлерден газ ақауы байқалған. Авариялық кезекші бөлімдер қоңырау шалған тұрғындарға газ қондырғыларын өшіруге кеңес беріпті. Әзірге тиісті салалық құрылымдардан ресми ақпарат алу мүмкін болмай отыр.