Өңірлер

Оралда жаңа алаңды Назарбаевтың құрметіне атау ұсынылды

Ономастикалық комиссияның шешімі заңды күшіне енген жоқ
Sputnik

АСТАНА, 14 ақпан – Sputnik. Оралда жаңа алаңды ҚР тұңғыш президенті құрметіне атау ұсынылды. Алайда шешімнің нақты қашан заңды күшіне енетіні белгісіз, деп хабарлайды "Мой ГОРОД" порталы.

Назарбаев құрметіне аталған нысандар

Белгілі болғандай, ономастикалық комиссия 6 мен 7 шағын аудандары арасында орналасқан жаңа алаңды Елбасының құрметіне атау туралы шешім қабылдаған. Көшелерге атау беруге қатысты тыңдау 12 қаңтар күні өткен. 

Дегенмен, Орал қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі шешімнің заңды күшіне әлі енбегенін атап өтті. 

Сондай-ақ, тыңдауда скверлердің біріне "Чернобыль АЭС апатының салдарын жоюшылар" атауын беру ұсынылды.