Спорт

Рыпакова тағы бір қола жүлдеге ие болды

Грек спортшысы Деветцидің допинг-сынамасы оң нәтиже берген соң, қазақстандық атлетке осымен екінші қола жүлде ұсынылды
Sputnik

АСТАНА, 14 ақпан — Sputnik. Халықаралық жеңіл атлетика қауымдастығы (IAAF) қазақстандық Ольга Рыпакованы 2008 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдесімен ресми түрде марапаттады.

Ашхабадтағы Азиада: Рыпакова екінші алтын алды

Рыпакова 2008 жылы әлем чемпионатында 4-орын иеленген болатын. Алайда сол жарыста күміс жүлдегер атанған грек қызы Хрисопийи Деветцидің қанынан тыйым салынған препарат – станозолол табылып, Ольга үздік үштік қатарына еніп кетті. 

Осыдан бұрын да Деветцидің Олимпиада-2008 кезінде допинг пайдаланғаны расталып, қола жүлдесі отандасымыз Рыпаковаға бұйырған болатын.